#Меркі ауданы: Адам ұрпағымен қымбатты

#Меркі ауданы: Адам ұрпағымен қымбатты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы Қазақдихан ауылында үлкен ас берілді. Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен пайғамбарымыздың (Салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде былай делінген: «Адам баласы дүние салғаннан соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: Садақа жария, пайдалы ғылым, артынан дұға қылатын салихалы перзент».

Осы орайда Қазақдихан ауылында марқұм Низабек атаның ұрпақтары ел-жұрттың басын қосып, өмірден өткен ата-баба рухына Құран бағыштап дұға жасап, үлкен ақ дастархан жайып ас берді. Жиын барысында аудан бас имамы Азамат Берікұлы уағыз-насихатын айтып, ауыл ақсақалдары батасын берді. Марқұым Ниязбек атаның немере-шөберелерінің арасында Құран жарысы ұйымдастырылып жүлделі орын алғандарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Алла Тағала ұрпақтарының ата-бабалары үшін жасаған игі амалын қабыл қылсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: