#Қордай: Әйел-қыздар жамағаты арасында ұлттық ойын ұйымдастырылды

#Қордай: Әйел-қыздар жамағаты арасында ұлттық ойын ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқы үшін дін мен дәстүр егіз ұғым. Ежелден  ата-бабаларымыз дін мен дәстүрді ұштастыра білген. Дін деген адамның наным сенімі болса дәстүр бір халықтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру салты. Құдайдың бұйырған әмірлеріне қарсы келмейтін дәстүрге ислам діні қарсылық танытпайды.

Құндылықтардың ішінде елге, жерге  деген махаббат, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге себеп болған. Отанын қорғау, қызметінде болу әрбір ер мен әйел затына ортақ болған іс. Осы құндылықтарды еске салу үшін садақ қолдану, оны пайдаланып көру үшін әйел- қыздар жамағаты алтын уақыттарын арнады. Қордай ауданы Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен,  ерлер жамағаты себебімен садақпен ату өткізілді. «Рахман», «Қордай» мешіті Әжелері  ұстаздарымен  және шәкірттер садақ атуды үйреніп, кішігірім сайыс ұйымдастырды. Жеңіс нәтижесі екі жақтың тең келуімен аяқталды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: