Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылы «Имамдар үйінде» аудан бас имамы Алмуханбетаранжан Егизбаевтің жүргізуімен 2024 жылғы Құрбан айтқа байланысты жиналыс болып өтті. Аталмыш жиналысқа Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылының барлық дін қызметкерлері қатысты.
Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы бұл жиында мұсылман қауымының ұлық мерекесі, әрі, халқымыздың салтына сіңген Құрбан айт мерекесін лайықты түрде өткізу керектігін, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» барлық имамдар бірігіп көркем түрде атқару қажеттігін тілге тиек етті.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі