Бейбітішілк пен келісім – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Республикамыз көпұлтты және көп дінді қоғамнан тұрады. «Қазақстан – бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылы «Имамдар үйінде» «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында іске асырылатын іс-шаралар жоспары талқыланып, жиналыс болды. Аталмыш жиынды Жамбыл облысының Дін істері басқармасының бас маманы Самғат Мутанов жүргізді. Жиналысқа аудан бас имамы Алмуханбетаранжа Егизбаев және Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылына қарасты дін қызметкерлерінің барлығы қатысты. Дін істері басқармасының маманы аталған жобаның мақсатын түсіндіріп, қоғамдағы саяси ахуалды, жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді анықтау және шешу болып табылатындығын айтып жеткізді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі