НАИБ МҮФТИ ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

НАИБ МҮФТИ ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Тараз шараһына арнайы ат басын тіреген ҚМДБ наиб мүфтиі Кенжеәлі Қоңыратбайұлы облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде жұма уағызын жүргізді. Тараз жамағатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. 

Наиб мүфти насихатында: "Шариғатымызда құрбандық деп –  арнайы шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздауды айтамыз. Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп. Алла Тағала қасиетті Құранның «Кәусар» сүресі, 2-аятында ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Намаз оқы және құрбан шал!» – деп, әмір етіп, құрбан шалудың міндет екендігін білдірген. Қасиетті Құрбан айтта Алла Тағаланың бұйрығын дұрыс орындап, құрбандығымыз қабыл болуы үшін құрбандыққа қатысты мына мәселелерді білуіміз қажет," - деп шарттарын жіліктеп атап өтті. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: