Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Азамат Боранбайұлы мен Қосақ ауылдық «Қосақ» мешітінің имамы Мухит Ермаханұлы бастаған мешіт жамағаты «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы аясында ұйымдастырылған Меркі ауданында орналасқан таулы аймақтарға саяхат жасап, рухани азық алып қайтты.
Шара барысында білікті ұстаздардың уағыз-насихаты айтылып жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып мардымды жауаптарын алды.