ТАРАЗДА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ

ТАРАЗДА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін обыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ұлтты ұйыстырған ұлық мереке Құрбан ай мейрамына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте Құрбан айтының артықшылығы, мұсылман халқының аталған айды тойлауы, ондағы сауаптар мен ерекшеліктер сөз болып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының халыққа үндеуі жеткізілді. 

Бас имам Бейбіт Мырзагелдиев өз сөзінде: «Баршамызды қуаныш-шаттыққа бөлейтін, құт-берекелі, мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айтқа аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын! Ислам дінінде зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер саналады. Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ынтамен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған. Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін» деген. Осынау мерекеде балаларымызды да қуынтып сыйлық алып беріп, ұлт тәрбиесіне рухани азық сіңіруді де қолға алуға шақырамын" - деп атап өтті. 

Биыл арапа - 15 маусым, ал 16 маусым - айттың бірінші күні. Айт намазы Тараз қаласы бойынша 6:00- де оқылады. 

"Құрбандық шалу – дәстүрлі түрде қасапқаналар арқылы және qurban2024.kz сайты арқылы жүзеге аспақ. Осы мақсатта Таразда 2 қасапхана мен бірнеше қасапшылар жұмыс жасайды. Қасапханада сойылған мал еті балғын күйінде алдын ала тізімге жазылған мұқтаж отбасыларға еріктілер тобы арқылы үйлеріне жеткізіледі" - деп тілге тиек етті Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев.

Құрбан айт – отбасы құндылығын арттыратын мереке. Ата-анаға, Құдай қосқан жарымызға, бала-шағамызға арнайы сыйлық беру, жаңа киім әперу – мейрамның сәнін келтіріп, мәнін арттырады. Мұндайда өскелең ұрпақ Құрбан айттың қадірі мен сауабын сезініп, ізгілікке ұмтылады, мерекені асыға күтеді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: