Отбасы - исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Отан отбасынан басталады демекші ардақты пайғамбарымыз жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.
Белбасар ауылы «Хати Сауранбай» мешітінің имамы Бақыт Серікұлы ауыл тұрғындарына «Дін және менің отбасым» атты іс-шара өткізді. Отбасы бала тәрбиесінің ұйтқысы екендігіне ерекше тоқталып, тәрбие бастауы отбасыдан басталатының жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі