Қайырымдылық адамзат бойындағы ерекше бір қасиет мен адамның адамға деген таза ниеті мен көмегі.
Шу ауданы «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрбайұлының ұйытқы болуымен 2 бас қой сойылып, еті 10 мұқтаж отбасыларға таратылды. Қайырымдылықты аталған мешіттің азаншысы Жалаиров Ибрагим табыстады.
Тұрмыс тапшылығын тартқан жандар қолдау көрсеткендерге дұға тілеп, өз батасын айтты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі