Жамбыл облысы, Қордай ауданы «РУВД» Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған кіші футболдан турнир өтті. Спорттық іс-шара барлық санитарлық талаптарды сақтаумен ұйымдастырылды. Шараның салтанатты ашылу рәсімінде Қордай ауданының әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы, «Қордай аудандық бұқаралық спорттық іс-шара өткізу орталығының» директоры Ақпаев Ерсін және аудан бас имамы Егизбаев Алмуханбетаранжан сөз сөйледі. Аудан бас имамы өз сөзінде «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған»-деп «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерең еңбегін тілге тиек етіп айтып өтті.
Турнирде 11 команда бақ сынасты. Тартысты өткен ойындар нәтижесінде 1 – орынды Депутаттар командасы жеңіп алды. 2 – орынды Мұғалімдер командасы иеленді. 3- орынға Қордай аудандық спорт жаттықтырушылары қол жеткізді. Ойын ортасында ас беріліп, Құран Кәрім аяттары оқылып дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі