Бір кісі: «Ғалым мен тақуаның қайсысының дәрежесі биік?» – деп сұрағанда Алла Елшісі (ﷺ):
– Мен араларыңдағы ең төменгі дәрежедегі адамнан қаншалықты жоғары болсам, ғалымдар да тақуалардан соншалықты санатта биік тұрады. Себебі екі дүние, төрт тараптың сыры білімділерге мәлім болмай ма? Алла, періштелер, тіпті құрт-құмырсқа мен теңіз жәндіктеріне дейін білімділерге дұға етеді, – деді де, мына аятты оқыды: «Құлдардың арасындағы ғалымдар ғана Аллаға лайық түрде құрмет көрсетеді» (35:28).