Басқа пәле неден?

Басқа пәле неден?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде бір бай жалшысын сынайын деп тақиясын алып, басын сипапты. Сөйтсе, жалшы оған қарап тілін шығара қойыпты. Байдың басын сипағаны: «Басқа пәле неде?» деп сұрағаны екен. Оған жалшының тілін көрсеткені: «Басқа пәле – тілден» дегені екен. Бай: – Таппадың, жалшым, басқа пәле ағайын мен туыстан болады, – дейді. Жалшы өз сөзін дәлелдемек болып: – Жоқ, бәйеке, өйтіп былшылдамаңыз, ­– деп қалады.

Бұрын мұндай сөзді естімеген бай ашуланып, керегенің басында ілулі тұрған сегіз өрме бұзау тісті қамшысына қарай ұмтыла бергенде, жалшы:– Сабыр, сабыр, байеке, айтпап па едім «басқа пәле тілден» деп, енді түсінген боларсыз», – дейді. Сөзден жеңілген бай белге ұрған жыландай сылқ етіп отыра кетіпті. Он күнәнің тоғызы сүйексіз қызыл тілден делінген ғой, тілімізді тізгіндеп, ойланып сөйлеуді әдетке айналдыруға трысқанымыз жөн болар, ағайын.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: