Рәміздер — халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздер — ел дамуының ажырамас бөлігі.
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің дәрістері әнұранды орындаумен басталды.
Шараға аталған оқу орнының директорының орынбасары Бахтияр Амиреев пен ұстаздар және барлық студенттер қатысты. Оң қолдарын жүрек тұсына қойып, көпшілік әнұранды патриоттық сезіммен орындап шықты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің баспасөз қызметі