ҚМДБ делегациясы Иордан Хашимит Корольдігіндегі жұмыс сапарының қорытындысында Амман қаласындағы Құранда бір сүренің атымен аталған Кәһф үңгірін зиярат етті.
Осы орында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. Кейін осы аймаққа жауапты гид үңгірдің толықтай тарихын айтып, маңайды таныстырды. Делегация мүшелері көне мешіттің орны мен Кәһф үңгірі орналасқан аумақты толық аралады.
Айта кетейік, Құранда баяндалатын «Кәһф» сүресінде болған оқиғалар осы үңгір мен жақын маңдағы елді мекенде болған.