БАС МҮФТИ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИСЛАМ ҒЫЛЫМДАРЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

БАС МҮФТИ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИСЛАМ ҒЫЛЫМДАРЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Иордан Хашимит Корольдігіндегі жұмыс сапары аясында Дүниежүзілік Ислам ғылымдары университетінің ректоры Жағфар Махмұд әл-Фанатисамен жүздесті.

Кездесуде екі ел арасындағы діни білім, пәтуа беру, ислам ғалымдарының мәртебесін көтеру жайы сөз болды. Жоғары мәртебелі профессор Бас мүфти бастаған делегацияға құрмет көрсетіп, ыстық ықылас танытып қарсы алды.

Ректор өз сөзінде ҚМДБ Төрағасының Иордан топырағына жасаған сапарын жақсылыққа балап, алдағы уақытта бірқатар маңызды жобаларды атқару жайын тілге тиек етті. Ал өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы құрметті ректорға зор денсаулық, қызметіне табыс тілеп көрсеткен ілтипаты үшін алғысын білдірді.

«Өзіңізде хабардарсыз бұл менің Иордан аймағына бірінші сапарым және бұл біздің ортақ мақсаттарға қол жеткізуге деген құлшынысымызды көрсетеді. Дінімізде білім алудың, ізденудің орны бөлек. Өзіңіз басқаратын университет әлемге қаншама үздік шәкірттерін түлеп ұшыруда. Сондықтан біз алдағы уақытта Өзіңізбен білім және ғылым саласындағы қарым-қатынастарды нығайтқымыз келеді. Имамдарымыздың білімін арттыру мақсатында тәжірибе алмасуды көздейміз. Мәртебелі ректор осы мүмкіндікті пайдалана отырып тағы да алғысымды білдіріп Сізге зор денсаулық, баянды бақыт және ғылыми жетістіктер тілеймін» деді Бас мүфти.

Кездесуде сонымен қатар білім саласынан бөлек қысқамерзімді тәжірибе алмасу, аударма, ғылыми тәжірибе, пәтуа беру бағыттары бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды.

Айта кетсек аталған университетте елімізден 42 студент білім алуда. Нақтылай кетсек 31 бакалавриат, 26 ханафи фиқһ, 1 араб тілі, 3 Құран қырағаты, 9 студент магистратурада оқыса, бір шәкірт доктарантурада оқып жатыр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: