Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бар арман-тілегі мен мақсат-мұраты адамзат атаулыдан өзіне көрсетілген қызмет емес, керісінше өзінің адамзатқа тигізер жәрдемі мен қызметі болатын. Сондықтан да болар, қолына не нәрсе түссе де, мұң-мұқтажға таратып беріп, өзі кимесе де өзгені киіндіріп, өзі ішпесе де өзгеге ішкізіп, қарамағындағы адамдардың сәл де болса қуанғанын көруді өзіне зор қуаныш, үлкен бақыт деп есептейтін.
Алла елшісінің сүннетімен қайырымдылыққа жаны жақын шу имамдары кезекті игі шараларын өткізді. "Отбасы күніне" орай "Бірлікүстем" мешітінде 2 отбасыға 2 кілем сыйға тарттылса, Шүкірәлі Бердібеков 3 кілемді балабақшаға тарту етті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі