Қандай заман болмасын маңайына шуақ сыйлайтын жандардың қатары сиремеген. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бар арман-тілегі мен мақсат-мұраты адамзат атаулыдан өзіне көрсетілген қызмет емес, керісінше өзінің адамзатқа тигізер жәрдемі мен қызметі болатын. Сондықтан да болар, қолына не нәрсе түссе де, мұң-мұқтажға таратып беріп, өзі кимесе де өзгені киіндіріп, өзі ішпесе де өзгеге ішкізіп, қарамағындағы адамдардың сәл де болса қуанғанын көруді өзіне зор қуаныш, үлкен бақыт деп есептейтін.
Жиенбет ауылы "Жиенбет" мешітінің жомарт жамағаты мешіт ауласына шатыр тұрғызып берді. Күннің ыстық күнінде күннен, суық күнінде қардың жауып қалуынан қалқалап тұратын шатыр үшін көпшілік алғысын айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі