Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев Жайсан ауылы "Жанабай" мешітінде ауыл тұрғындарымен жүздесті. Мешіт имамымен кездесіп, мешітті зерделеді.
Мешітті толық аралап, бейнебақылау камераларын, пайдалануға ұсынылған әдебиеттерді қарап шықты. Мешіт жамағатымен, жақын маңда тұратын тұрғындармен дидарласып, сұқбат құрды.
Шараға Алға ауылдық округінің әкімі Есбергенов Бағдат Сабырұлы қатысып, өңір бас имамымен ауыл ахуалы турасында пікірлесті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі