#Шу: Ауыл имамы қол өнер иелерімен дидарласты

#Шу: Ауыл имамы қол өнер иелерімен дидарласты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақтың қолөнері ұлттық мәдениетіміздің маңызды бөлігі екені бәрімізге мәлім. Себебі қолөнер ұлттың ұлылығын айшықтап, тамыры терең тарихтан сыр шертіп, қазақы қалпымыздың даралығын айқындай түседі. Сондай-ақ, он қолынан өнер тамған шеберлердің төл туындыларынан биік талғамның, әсемдіктің жарқын үлгісі анық байқалады. Халқымыздың шежіреге бергісіз тарихынан, рухани болмысынан, таным-түсінігінен айтарлықтай мәнді мәлімет береді. Сондықтан да ұрпаққа жалғасқан өміршең өнер ұмытылып, рухани құндылығымыздың құны кеміп, ұлттық мәдениетіміздің мәні жоғалады деу әбестік болар. 

Шу ауданы "Бірлікүстем" мешітінің имамы Жетпісбай Алимбеков ауылда қол өнерімен айналысып жатқан бауырларымыздың үйлерін аралап, өнерлерімен танысып, салт-дәстүрімізді кейінгі ұрпаққа үйретуді насихаттап қайтты.

Бірлікүстем ауылында қолынан өнер тамған кісілерді аралап, танысып, ұлттық өнер турасында сұқбат құрды. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: