#Шу: Дін мен дәстүр құндылықтары насихатталды

#Шу: Дін мен дәстүр құндылықтары насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Кәрібай молда" мешітінің найб имамы Алтай Бексұлтан Бірлік ауылы "Бірлік" мешітінде "Дін мен дәстүр" құндылықтары, жастардың діндегі орыны, жат ағымдағылардың адасқан тұстары туралы уағыз-насихат айтты.

"Алла Тағала адамзат әубаста бір ер мен әйелден жаратылғанын былайша баян етеді: «Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың үшін сан алуан ұлыстар мен тайпаларға бөлдік» («Хужурат» сүресі, 13-аят). Барлық адам баласы бір ата мен анадан тараған. Түбі бір ата-анаға барып тірелсе де, әр халықтың өзіне тиесілі алуан-түрлі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бар. Аятта айтылғандай, Алла Тағала ұлыстар мен тайпаларды өзара тану үшін жаратқан. Әр халықтың өзін танытатын салт-дәстүрі бар. Егер салт-дәстүрі жойылса, сол халықтың өзі де жойылары сөзсіз" - деді имам.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: