Шу аудандық "Жәми" мешітінің найб имамы Оспан Мухаммадали Шу ауданы теміржол мекемесінде жат ағымға қарсы түсіндірме жұмысын жүргізді.
"Асыл дініміз Ислам – барша адамзат баласын бейбiтшiлiкке, амандыққа, ешкiмге соқтықпай тыныш өмiр сүруге шақыратын иләһи дiн. Міне, осындай хақ дiнiмiз жер бетiнде нағыз адамгершiлiктiң, сыйластықтың рухын жайып, алауыздыққа, қастық пен дұшпандыққа тыйым салғаны да мәлiм. Ислам бұл – тыныштықты бұзу үшiн емес, теріс пиғылды тыю үшiн жiберiлген мейірім діні. Ата-бабаларымыз да сан ғасыр бойы дәстүрлі дінді өмiрлеріне негізгі діңгек етіп ұстанып, ауызбiршiлiкпен бейбiт ғұмыр сүрiп келдi. Түрлі ағымдардың салдарынан мұсылмандыққа тіл тигізулер болып жатыр. Әрбіріміз исламның келбетіміз. Сондықтан жатағымдардан дінімізді ажырата алуымыз маңызды" - деп атап өтті имам.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі