Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Көлбастау ауылы, "Құлый баба" мешітінде қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Мешіт молдасы Айбатбекұлы Бақытжан және 1987-жылғы ауыл азаматтары әлеуметтік жағдайы төмен он отбасыға азық-түліктер жеткізіліп берілді. 5 литр май, 25 кг ұн, 25кг картоп, 25кг пияз, 10кг шекер және т. б заттар алынды.
Бір отбасыға баласына ота жасату мақсатында 50 000 теңге қаржылай берілді. Көмек алғандар мешіт молдасы және демеуші азаматтарға алғыстарын айтты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



10 Ноябрь 2025
19 Джумада-авваль 1447

