Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен су басқан өңірлерге көмек көрсету мақсатында мешіттерде қайырымдылық жәрмеңкесін өткізу қолға алынған болатын. Жамбыл облысының мешіттері аталған республикалық "Жақсылықта жарысайық" қайырымдылық жәрмеңкесіне үн қосты.
Қала және аудандарға қарасты орталық үлкен 5 мешітте шара ұйымдастырып, мешітте сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттердің атсалысуымен түрлі тіскебасарлар мен тәттілер пісіріліп жамағатқа ұсынылды.
Игі бастама аясында облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті 282 100 теңге, "Қеңесхан қажы" мешіті 300 000 теңге, Қордай ауданы 161 000 теңге, Шу ауданы 143100 теңге, Меркі ауданы 76 800 теңге қаражат жинады. Жамбыл облысы мешіттері жинаған жалпы 963 000 теңге қаражат ҚМДБ жәрмеңке жинағына аударылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі