Меркі ауданына қарасты Т.Рысқұлов ауылы тұрғындары ауыл имамымен ашық алаңға жиналып, истисқа намазын оқып, дұға тілеп, еккен егіннің, төрт түліктің шөбінің берекесін тілеп Аллаға сиынды. Ауыл болып жиналып, тасаттық беріп, ақ дастархан жайып, қонақтарға ас беріп, Алладан жарылқау тіледі. Дастархан басында ауыл имамы «Тасаттық» жайлы шариғаттың талабын, қандай амал атқарылу керек, қандай амал рұқсат етілген, қандай амалға тыйым салынғанын түсіндірді.
Алла Тағала дұға тілектерін қабыл етіп, берекелі жаңбыр жаудырып, жерден өндіріп бергей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі