#Байзақ: ОБЛЫС ҰСТАЗЫ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

#Байзақ: ОБЛЫС ҰСТАЗЫ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы Нұрсұлтан Зулпыкаров Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық «Қостөбе» мешітінің жамағатына жұма уағызын айтты.

 Нұрсұлтан Зулпыкаров: «Асыл дініміз мұсылмандардың өзара туыс екенін айтып, береке-бірлікте болуын міндеттейді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әнбия» сүресі, 92-аятында: Осы – сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларыңмын. Сондықтан Маған ғана құлшылық етіңдер», – деп бұйырған.

Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «Бірлік болмай тірлік болмас», «Бірлік түбі – береке», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш ол – күншілдік, іштарлық, араздық. Халқымыз мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан ел тізгінін қолына ұстаған ақсақалдар мен билер ел ішіндегі асқынған дау-дамайды, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сына түспеу жағына аса көңіл бөлген»,- деп «Ислам – ынтымақ бірлік діні» тақырыбында жұма насихатын айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: