Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында "Дін мен дәстүр" аясында ақсақалдар өзара бата беру сайысын өткізді.
ҚМДБ-ның биылғы жыл дін мен дәстүр жылы деп бекіткені баршаға аян. Осы орайда Аудан имамы Р. Еспенбетовтың қолдауымен бата беру сайысы ұйымдастырылды.
Жарысқа Мойынқұм аудан ақсақалдары қатысты. Бата беру әубастан бабалар жолы болып табылғандықтан, дәстүрлі киім жүйесінде өтті. Үлкеннен бата алып өскен қазақ болғандықтан батаның орны біз үшін жоғары. Ал дінімізде қол жайып дұға жасау ғибадаттың бір көрінісінен болып табылыды. Жарыс жеңімпаздары арнайы сый - сияпатпен марапатталды.
Ғ. Әлім
Мойынқұм тілшісі