#Т.РЫСҚҰЛОВ: ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУПІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУПІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

          Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев Луговой ауылындағы әскери горнизонның қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге арқау болған тақырып – теріс діни ағымдардың қаупі.

          Сұлтаншәріп имам баяндамасында: «Жастарымыздың теріс ағымға кіруінің басты себептерін де өз деңгейімізде санамалауға болады. Біріншіден сауаттылық мәселесі, яғни діни сауаттылықтың өте төмен болуы. Отбасында, мектепте, жоғары оқу орындарында діни-рухани көзқарастан туындаған сұрақтардың жауабын уағыздардан іздейді. Өзінің елеп-өлшейтін сауаттылық деңгейі жетпегендіктен айтылған уәждердің барлығын қабылдай береді. Дінге деген жастардың қызығушылығы күннен күнге артуда. Сондықтан жастардың діни сауатын ашу, ұлттық-рухани құндылықтармен сусындату қазіргі біздің еліміздің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

 Екіншіден әлеуметтік-экономикалық жағдай, теріс ағымдар мен діни ұйымдар тек уағыз, миссионерлікпен шектеліп қалмайды, олар қол ұшын созады, көмек береді, киіндіреді, баспана тауып береді. Ал адам баласы жақсылықтың құлы дегендей, кейін олардан шыға алмай қалады», - деп тоқтала кетті.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: