#Байзақ: НАИБ ИМАМ САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА НАСИХАТ АЙТТЫ

#Байзақ: НАИБ ИМАМ САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Сарыкемер ауылында орналасқан «Себет-Корзинка» сауда орталығы қызметкерлеріне «Ауызбіршіліктің пайдасы» тақырыбында насихат айтты. Наиб имам өз сөзінде: «Алла Тағала мұсылман баласына: «Бөлінбеңдер ...» («Әли Имран» сүресі, 103-аят) – деп, бауырмал болуға бұйырған. Мұсылман баласы көркем мінез-құлықпен ел ішіндегі ауызбіршілікті сақтай білуі керек. Себебі, рухани тұрғыда өсіп-жетілген тұлға қандай жағдайда да барлық мәселені байыпты жолмен шешеді. Алла Тағала«Жақсылыққа пен тақуалыққа өз-ара бір-біріңе жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа біріңе бірің жәрдемдеспеңдер...» («Мәида» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.

Мұхаммед пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ауызбіршілікте  Алланың мейірімі, бөлінуде қаһары бар» (Имам Ахмад) деп, ынтымақ пен бірліктің мәнін ашып көрсеткен. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» деп бұқараны бірлікке шақырған.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: