Меркі ауданық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Бауыржан Пирназаров жастарға «Ата-ананың қадірі» тақырыбында насихат айтты.
Шара барысында №2 Аспара ЖОББМ мектебінде Бауыржан имам: «Ата-ананы құметтеу, оларды сыйлау, қызметтерінде болу перзенттің міндеті. Алланың разылығы ата-ананың разылығында. Анамыз бізді қиыншылықпен дүниеге әкеліп, әкеміз ешкімнен кем болмасын деп, ақ адал маңдай терімен бағып, ешкімен кем қылмай өсірді. Ата-анамызға жылы – жұмсақ сөйлеуге, мейірімділік танытуға, олардың алдында әдеп сақтап кішіпейіл болуымыз керек » - деп , жастарға ата-ананы құрметтеу, қадірін білу турасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, уағыз-насихатын айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі.