ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚОРДАЙДА ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚОРДАЙДА ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Қордай ауданы, Масаншы ауылы "Мұсылмандар" мешітінде жұма намазын өткізді.

Облыс Бас имамы жамағатқа қонақ болып келген ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлын таныстырды. Алыстан ат терлетіп келген білікті маман "Қоғам әділдікпен дамиды" тақырыбында жұма уағызын айтты.

"Әділдіктің аясы үлкен әрі мұсылман үшін маңызы өте зор. Қасиетті Құранның «Шура» сүресі, 15-аятында Алла Тағала ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «(Оларға) «Мен Алла түсірген Кітапқа иман келтірдім. Сондай-ақ араларыңда әділ болуға (әділдік орнатуға) бұйырылдым. Алла біздің де Раббымыз, сендердің де Раббыларың! Біздің істеген істеріміз өзімізге, сендердің істеген істерің де өздеріңе. Біз бен сендердің араларыңда талас-тартыстың орны жоқ. Алла (уақыты келгенде) барлығымызды бір араға жинайды (әділ билігін айтады), қайтар жеріміз Оның құзыры» деп айт», – деп әмір еткен. Осы аятқа қатысты атақты табиғин Қатада (Алла оны рақымына алсын): «Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әділетті болуға бұйырылып, дүниеден өткенінше әділдіктен тайған жоқ», – деген. Ендеше, біз де әр ісімізде әділетті болуға тырысып, зұлымдық атаулыдан сақтанайық!" - деп атап өтті насихатында Хасан Ташайұлы

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: