Қазіргі таңда дін қоғамда маңызды орын алады, әсіресе жастар арасында діннің кең таралуы байқалады. Осыдан бірнеше жыл алдын кең таралған діни ағымдар мен діни ұйымдардың белсенді қызметтерінің нәтижесінде жастардың басым көпшілігі діни ұйымдардың мүшелеріне айналып отыр. Міне соның алдын алу мақсатында Шу аудандық "Жәми" мешітінің наиб имамы Мағжан Мұратұлы Шу қалалық №40 мектеп лицейінің оқушыларымен кездесу өткізді.
"Діни радикализмнің идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру" тақырыбында сөз қозғап, діни ағымдар мен олардың мақсатын, адасқан тұстарын ашық баяндады. Ал мұндай адасуға ұшырамас үшін мешіт имамдарынан білім алу қажеттігін баса айтты.
Білікті маман көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, мысалдар мен нақты дәлелдер келтіріп өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі