Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, "Толымбай тегі Зиябек" мешітінің әйел қыздар секторының аудандық мешіт ұстазы Клара Диханбайкызы және Әжелер мектебінің мүшесі Мухсина мен еріктілер тобымен Рамазан айт мейрамында "АЙТТЫҚ БІЗДЕН" атты іс-шара барысында "Жасыл-Жуалы" коммуналдық мекемеде жұмыс істеуші (көше тазалайтын) қыз-келіншектерге түскі ыстық тамақ әзірлеп дастархан жайды.
Жұмысшы қыз-келіншектерге Әжелер мектебінің меңгерушісі Манатқызы Бекзат апамыз қызметтеріне разы болып батасын берді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.