Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты барлық мешіт қызметкерлері мен Меркі тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 75 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады»,— деген.
Осы орайда ел басына күн туып, бауырларымыз қиналып жатқан уақытта Меркі халқы аянып қалмай, қолдарынан келгенше ел болып жұмылып, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға үш камаз азық – түлік, киім-кешек, су өткізбейтін киімдер және т.б тұрмыстық қажеттілікке жарайтын заттар жіберді. Бұған қоса әр мешіт имамдары және аудан тұрғындары мен жомарт жандар 3 500 000тг көлемінде қаржылай көмек қолын созды. Алла Тағала елімізді, жерімізді түрлі табиғи апаттардан бір өзі сақтасын!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі