Меркі ауданына қарасты «Тәтті» мешітінің имамы Көпбосынов Асхат дәріске келген мешіт жамағатына араб әріптерін жан-жақты түсіндіріп өтті.
Атап айтсақ, араб тілі әліппесі, араб әріптерінің дыбысталуы, әріптердің дыбысталатын орны, тамақ пен ауыз қуысы, жұтқыншақ қуыстары арқылы шығатын әріптер, тілдің жоғары және ұшынан шығатын әріптер мен еріннен шығатын әріптерді жан-жақты етіп түсіндіріп берді. Мешіт жамағатының сұранысы бойынша басталған дәріс «Мұғалім сәни» кітабынан, және де Құранға түскен жамағатқа «Тәжуид ережелері» өтіп жатыр.
Дәріс соңында шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Алла Тағала Елімізден, Жерімізден білімді азаматтардың көптеп шығуын нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі