Жуалы ауданы, Ақсай ауылдық "Қайрат" мешітінде Рамазан айының соңында әлеуметтік тұрмысы төмен жандарға азын-аулақ азық-түлік таратылды. Рамазан қоржыны деп аталатын азық-түлік тізімінің ішінде ұн, пісте май, макарон, күріш басқа да өнімдер бар.
"Қайрат" мешітінің молдасы Бегәділұлы Саурамбек және қариялар мұқтаж жандарға ізгі ниеттерін білдіріп Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



14 Ноябрь 2025
23 Джумада-авваль 1447

