Жуалы ауданы, Көлбастау ауылы, "Құлый баба" мешітінде Рамазан айының құрметіне 80/90 кісіге Қадыр түніне ауызашар және сәресіге арнайы дастархан жайды.
Мешіт молдасы Айбатбекұлы Бақытжан Қадір түнінің мың айдан артық болғаны туралы уағыз насихат айтты.
Соңынан көпшілік жамағаттармен Құран хатым дұғасын жасап еліміз бен жеріміздің амандығы үшін Алла Тағаладан көпшілікпен дұға тіледі.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



18 Март 2026
29 Рамадан 1447

