"Кәрібай молда" мешітінің имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйытқы болуымен мешітте бір ірі қара сойылып, еті жағдайы төмен 8 отбасыға үлестірілді.
Игі іске демеуші болған кәсіпкер азаматқа имам алғысын білдіріп, батасын берді. Қайырымдылыққа жалпы 500 000 теңге қаражат жұмсалды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі