Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті.
Бүгін "Төле би" мешітінде "Қайырымды жұма" науқаны аясында жағдайы төмен 8 отбасыға жәрдем жасалды. Күнделікті тұтынатын қажетті азық-түлік толы сөмкелерді үлестірген мешіт көмекшісі Ибрагим Жалалиев отбасыларға Талғат Кәрібайұлы имамның сәлемін жеткізді.
Мұқтаж жандар разы болып, рақыметтерін жаудырды. Игі шараға 100 000 теңге қаражат жұмсалды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі