ҚҰРАН АЙЫ – РАМАЗАН!

ҚҰРАН АЙЫ – РАМАЗАН!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айында Алла Тағала бізге тура жолды көрсететін Құран түсірді. Алла Тағала қасиетті Құранда Бақара сүресінің 185-аятында: «Рамазан айы сондай бір ай – адам баласына ақ пен қараны айыратын, тура жолды көрсететін Құран түскен ай», - деді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Құран оқыңыздар. Себебі, Құран өзін оқушыларға қиямет күні шапағатшы болады», - деген.

Әр бір адам баласының Құранға деген махаббаты болуы керек. Оны сүйіп қадірлеу арқылы бақытыққа қол жеткіземіз. Керек десеңіз, әр бір оқыған әріпімізге сауап жазылатынын ұмытпауымыз керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кім де кім Құраннан бір әріп оқитын болса, оған бір жақсылық жазылады. Бір жақсылық дегеніміз он сауап. Мен айтпаймын: «Әлиф Ләм Мим» бір әріп деп, «Әлиф» бір әріп, «Ләм» бір әріп, «Мим» бір әріп деп айтты», - делінген.

Алла Тағала қасиетті Құранның Ағраф сүресінің 204-аятында: «Қашан Құран оқылса, үндемей құлақ салып тыңдандар, Раббыларыңның мархаматіне бөленерсіндер», - деп ескертуінің өзі Құранды оқумен қатар, оны тыңдау зор сауапқа кенелтетін құлшылық екенін аңғартады. Біздің ғалымдарымыз: «Алламен қаңдай қарым-қатынаста екеніңді білгің келсе, Құранмен мәмілеңе қара», - деген. Сондықтан, біздің ата-бабаларымыз Құранды құрметтеп басының тәжі қылып, жазушы ақын аталарымыз өздерінің жыр шумақтарына қосып дәріптеген. Соның бір мысалы ретінде хакім Абай атамыздың бір шумақ өлеңін келтіруді жөн көрдік:

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан,

Оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас», - деп айтқан. Басқа өлең шумақтарында:

Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ,

Мумин болсаң, үйреніп сенде ұқсап бақ.

Құран рас, Алланың сөзідүр ол,

Тәуилін білерлік ғылымын шақ», - деп жырлап өткен бабаларымыз.

Құранға қызмет ету, оны үйрену және үйрету баршамыздың міндетіміз болып табылады. Сөзіміздің соңын Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисімен қорытқанды жөн көрдік: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің», - деді.

Баешов Азамат Боранбайұлы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы

«Байзақ баба» мешітінің наиб имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: