Жамбыл облысы Байзақ ауданы Аймантөбе ауылдық «Аймантөбе» мешітінің жанынан мәйітхан соғу жоспарлануда. Мәйітхана жоспарымен танысу мақсатында облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Таласбаев Есет және Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы «Аймантөбе» мешітіне арнайы барды.
Ауыл имамы Кенжехан Өксіпбайұлы: «Ауылымызға мәйітхана соғуды жоспарға қойдық. Себебі, кезінде ауылда тұрып, басқа жаққа көшіп кеткен ағайын жақыны қайтыс болған жағдайда ауылға әкеліп жерлейді. Сол уақытта мәйітті жуындырып кебіндейтін орынды кейде таппай жатады. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында ҚМДБ-ның жанынан ашылған «Қамқор Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жобасы негізінде осы жұмысты қолға алдық», - деді.