Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күні. Осы күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шара ұйымдастырылады.
Бірлік ауылы "Бірлік" мешітінің молдасы Медет Жұматаевтың ұйытқы болуымен жасалған шараға ауылдағы мәдениет үйінің ұжымы қатысты. Екі жас некелерін қиып, отбасы болу, отбасы құндылықтары, некенің қасиеті турасында насихат айтылды. Көпшілік жас жұбайды құттықтап баталарын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі