Жалпы «Садақа бәлені қайтарады және өмірді ұзартады» дейді. Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті.
Қасиетті жұма күні әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға бөлке нан таратылды. Осы игі шара апта сайын жалғасын табуда.
Жуалы аудандық баспасөз қызметі