Жаңажол ауылы "Күнту баба" мешітінің имамы Берік Әуесбаевтың ұйытқы болуымен айлық дастархан ұйымдастырылды. Жамағат дастархан басында мардымды уағыз тыңдап, сұрақтарына жауап алды.
Имам қоғамдағы түйіткілді мәселелер бойынша насихат жүргізіп, имандылық, әдеп, көркем мінез турасында көпшіліктің көкейіне терең ой салды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі