Жаңажол ауылы "Күнту баба" мешітінің имамы Берік Әуесбаев ауылдық балабақшада тәрбиешілерге "Бала тәрбиесі" туралы уағыз жүргізді.
"Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да тәрбие жұмысы. Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанмен оларды тәрбиелеуші әрине ата-ана. Сондай-ақ бала уақытының көпшілігін балабақшада өткізетін болғандықтан тәрбиешілерге де үлкен жауапкершілікті сезіну керек" - деп имам өз кеңесін беріп өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі