Жамбыл облысы Байзақ ауданының наиб имамдары Азамат Боранбайұлы мен Бақытбек Бауыржанұлының қатысуымен Мәдімар ауылдық «Мәдімар» мешітінде аймақ имамдарына арналған «Деструктивтік бағыт – дін емес» атты көшпелі семинар өтті.
Бақытбек Бауыржанұлы Семинарда оқыған өз баяндамасында халқымыздың салт-дәстүрінің маңыздылығын айта келе: «Адамды жат ағымдардың жетегінде кетуден тосатын бірден-бір дүние – салт-дәстүрімізді берік ұстану», - деді.