Мойынқұм ауданының бас имамы Р.Еспенбетов жұмыс бабымен ауыл мешіттерін зерделеп қайтты. Бас имам Мойынқұм ауданына қарасты Қылышбай ауылдық "Рәтқұл ата", Құмөзек ауылдық "Саурық ата" мешіттерімен қатар Сарыөзек ауылында орналасқан намазхана жағдайларымен танысып қайтты.
Жөндеу жұмыстары қажет болған мешіт қажеттілігін ауыл тұрғындарымен ақылдасып, алдағы уақытта реттелетіні нақтыланды. Өзге ауыл мешіттеріде Рамазан айы кіргенге дейін зерделенетін болады.
Ғ.Әлім
Мойынқұм тілшісі