"Ж.Жексенбай" мешітінде дін насихаты үшін бараат түніне орай жамағат мешітке жиналды. Шам және құптан намаздарында мешіт имамы Шүкірәлі Бердібеков "Шағбан айының қасиетті болуы және барат түнінің құндылығы" жайында уағыз жүргізді.
Жамағаттың сұранысымен көпшілік бірге 100 ракат нәпіл намазын оқыды. Дін исламға күш-қуат, дін-мұсылманға ынтымақ, басшыларымызға амандық, иман, халқымызға сабыр, береке тілеп көтеріңкі көңілмен тарқасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі