Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Сабырханов халал асхананың ашылуына арнайы қатысып, лентасын қиды.
Бұл асхана халыққа арақ-шарапсыз, тек қана адал ас пен адал сусын ғана ұсынатын болады. Бұндай орынның ашылуынан ауылдағы намазхандар мен мешіт жамағатының қатты қуанғандығы жүздерінен байқалды. Алдағы уақытта ҚМДБ-ның халал сертификатын алу үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі