Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің имамы Жанболат Аубакировтың ұйымдастыруымен тұрмысы төмен 15 отбасыға азық – түлікпен көмек көрсетіліп, қайырымдылық акциясы жасалды.
Қыстың суығында қиналып отырған отбасыларға айтарлықтай қолдау болды. 15 отбасының азық – түлігіне 300 мың теңгедей қаражат жұмсалды. Қайырымды іске үлес қосқан ауыл имамы мен жастарға Алла разы боп, амалдарын толық қабыл етіп, сауаптан жазсын.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



12 Ноябрь 2025
21 Джумада-авваль 1447

