ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Тараз қаласы 15 шағын ауданда жаңадан салынып жатқан мешіттің құрылысымен танысып қайтты.
Құрылысы өткен жылы басталған мешіт Алла қаласа, биыл мамыр айында ел игілігіне берілмек. Мешіттің аумағы 2 гектар. Мешітте үлкен асхана, дәрісхана, қызметтік үй, қонақ үй және арнайы мәйіт жуу бөлмесі қарастырылған.
Бас имам мен Мешіт істері бойынша жауапты Халид Қожахметов мешіттің іші-сыртын аралап, ішкі дизайн жұмыстарын бақылап қайтты. Құрылыс жұмыстарына жоғары баға берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі